Әлем жаңалықтары Саясат

KAZAKH NATIONAL H-INDEX RANKING ТОП-1000: ИМАНБАЕВ НҰРЛАН САЙРАМҰЛЫ — ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

2025 жылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, PhD доктор, белгілі математик Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы — Қазақстан ғылымының беделін халықаралық деңгейде танытып жүрген көрнекті ғалым ретінде Kazakh National H-index Ranking жаңартылған нәтижесі бойынша ТОП-1000 тізіміне енді. Ол жалпы рейтингте 785-орынға тұрақтап, университет атынан аталған тізімге енген жалғыз ғалым атанды.

Kazakh National H-index Ranking (NHR) — қазақстандық ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен зерттеу топтарының ғылыми өнімділігін бағалайтын тәуелсіз рейтингтік жүйе. Бұл рейтинг әлемдік ғылыми қауымдастықта кеңінен қолданылатын Хирш индексіне (h-индекс) негізделеді.

h-индекс – ғалымның жарияланған еңбектерінің саны мен сол еңбектерге сілтемелер санына қарай есептелетін, ғылыми беделділік пен өнімділікті көрсететін негізгі ғылыми-метрикалық көрсеткіштердің бірі.

NHR рейтингі — Қазақстан аясында жүргізілетін салыстырмалы талдауға негізделген ұлттық ғылыми көрсеткіштер жүйесі, әрі еліміздегі ғылымның сапасын бағалауда маңызды құрал болып табылады.

Иманбаев Нұрлан – отандық математиканың бренді.

Профессор Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы — математикалық талдау, функционалдық кеңістіктер теориясы, жаратылыстану бағытындағы қолданбалы зерттеулер саласында танымал ғылыми мектептің өкілі. Ол еліміздің және шетелдік беделді басылымдарда 50-ден астам ғылыми мақалалар жариялаған, ғылыми жетекшілік жасап жүрген шәкірттері халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Сонымен қатар, профессор Иманбаев — ғылыми қауымдастыққа белсенді мүше ретінде Қазақстанның білім мен ғылым саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы профессор Иманбаевтың бұл жетістігін ерекше қуанышпен қабылдады. Университет ректоры:

«Бұл — тек бір ғалымның емес, бүкіл университетіміздің ғылымдағы әлеуетінің көрсеткіші. Ғылыммен шынайы айналысатын тұлғаларды қолдау – біздің басты басымдығымыз. Нұрлан Сайрамұлының жетістігі жас ғалымдарға үлгі болады деп сенеміз», — деді.

Бұл нәтиже — отандық ғылымды дамыту жолында табанды еңбек етіп жүрген тұлғаларға берілген лайықты баға. Профессор Иманбаевтың TOP-1000 құрамынан көрінуі — университет ғылымының даму бағытының дұрыс екенінің дәлелі және өзге жас ғалымдарға үлкен серпін беретін зор мәртебе.

Қатысты жаңалықтар

Үндістанда 70 жастағы зейнеткер тұңғышын босанды (фото)

Bastynews

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді:

bastynews

Иорданияда жойқын жарылыс болды

Bastynews