Басты жаңалықтар Саясат

Құрылтайдың алғашқы тарихи сессиясы басталды

Бүгін Қазақстанның жаңа қоғамдық-саяси институты – Құрылтайдың алғашқы тарихи сессиясы өз жұмысын бастады.
Сессия барысында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дадебай Құрылтай Төрағасы болып сайланды. Бұл – партиямыз үшін де, еліміздің қоғамдық-саяси өмірі үшін де маңызды оқиға.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа Құрылтайдың басты ерекшеліктерінің бірі – оның құрамында әйелдер мен жастардың көп болуы. Бұл қоғамның түрлі топтарының үнін ескеруге бағытталған маңызды көрсеткіш.
Сонымен қатар Құрылтай депутаттарының қатарында «Әділет» партиясының жастар қанатынан шыққан рухтастарымыздың болуы қуантады. Бұл жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуына берілген үлкен мүмкіндік.
Құрылтайдың алғашқы сессиясы – жаңа қоғамдық диалог кезеңінің маңызды бастауы.

Қатысты жаңалықтар

Алматыда банк тоналды

Bastynews

Танымал қазақстандық жұлдыздың биі жұртты шошытты

Bastynews

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ НОВАЯ ИННОВАЦИОННАЯ ШКОЛА №140 НА 2000 МЕСТ

bastynews