Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы айқын көрініс тапты. Қоғамдық қауіпсіздік – азаматтардың еркін өмір сүруіне, кәсіпкерлікпен айналысуына және әлеуметтік ортаның қалыпты дамуына негіз болатын басты құндылықтардың бірі.
Қазіргі кезеңде қауіпсіздік мәселесіне тек құқық қорғау органдарының жұмысы ретінде қарауға болмайды. Оның құрамына жол қозғалысы мәдениеті, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, жастар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру да кіреді.
Түркістан облысында халық санының көптігі мен елді мекендердің ауқымын ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды күшейту маңызды. Әсіресе, жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілуі қажет.
Менің ойымша, қауіпсіздік тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ол әрбір азаматтың өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі сақталған жерде ғана тұрақты даму мен сенімді болашақ қалыптасады.
