Санатталмаған

ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛМЕСЕ, НЫСАНДАР ЖАБЫЛАДЫ

AzatMedia. Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша басшысы Талғат Серманиязов қатысты.

Ғабит Патшаханұлы ауданда карантинге 128 үй жабылып, бүгінде оның 76-сы ашылып, қалған 52-сі жабық тұрғанын алға тартты. Одан бөлек, карантинге жабылған аймақтарға тұрақты түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби ауданы прокуратурасы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби ауданының жергілікті полиция қызметкерлері мен Әл-Фараби аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері бірлесе 4 жұмысшы топ құрылып, Шымкент қаласы Бас санитарының №20 Қаулысында көрсетілген талаптарды орындау бойынша аудан аумағындағы барлық кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бізде 4 нарықтық базар бар. Оның біреуі («Қазыбек» базары) тәулік бойы жұмыс істейді. Ал қалғандары 06:00-19:00 аралығында. Сондай-ақ, 61 жанармай бекеті, 227 кафе, 156 асхана, 44 супермаркет, 575 азық-түлік дүкендері мен 204 дәріхана нысандары қызмет атқаруда. Олар күніне 2 рет дезинфекциялануда, – деді Ғ.Мәуленқұлов.

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, аталған аумақта 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар. Оларды дезинфекциялау жұмыстары 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан атқарылуда.

Брифингте белгілі болғандай, Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігері Ә.Төлебаевтың №20 Қаулысына сәйкес 4 ірі сауда орталықтары («Shymkent Plaza» СҮ, ЦУМ СҮ, «Mega Planet» СҮ, «Береке» СҮ) уақыт шектеу енгізу арқылы өз жұмыстарын қайта жандандырған. Одан бөлек, 16 сауда орталықтары мен 575 шағын кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеп тұр.

Тағы айта кетерлігі, бүгінде жылу түсіргіш (тепловизор) құралдарымен 12 кәсіпкерлік нысан жабдықталған. Осы ретте Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Талғат Құттыбайұлы 11 мамырға дейін 25 кәсіпкерлік нысандарға санитарлық режимді бұзғаны үшін хаттама толтырылғанын айтып, одан кейін тек түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

– Бүгінге дейін санитарлық нормаларды бұзып жатқан кәсіпкерлік нысандарға ескерту айтумен шектелдік. Ендігі кезекте хаттама толтырып, жаза қолданамыз. Қажет болса, жабуға көшеміз, – деді Т.Серманиязов.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ПО АВСТРАЛИЙСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СКОТНОЙ БИРЖИ СТОИМОСТЬЮ 5,2 МЛРД ТЕНГЕ

bastynews

«Туризм – үлкен мүмкіндіктер аумағы»

bastynews

«JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті

bastynews

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

bastynews

«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ

bastynews

АБАЙ ӘЛЕМІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

bastynews

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру