Санатталмаған

«КӨНЕ ҚАЛА» ЭТНОАУЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AzatMedia. Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын.

«Көне қала» этноауылында 12 киіз үй мен көрме қойылатын жартылай киіз үй, Ақ қанатты шатыр үй де құру жоспарланған. Сонымен қатар, ауылда алтыбақан шағын саулет нысандары да құрылады. Құрылыста балалар үшін арнайы алаң да қарастырылған.

Киіз үйлерде Шымкент қаласының – 2200, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің – 1150, ақын Абай Құнанбайұлының – 175, компазитор Шәмші Қалдаяқовтың – 90 жылдығына арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. Төрт киіз үй Қазақтың ұлттық тағамдарына арналса, Көрпе тігу үйі, Салт-дәстүр үйі, Әжелер үйі және Бас киіз үй тақырыпқа сай безендіріледі. Ал жартылай киіз үйлерде қолөнер бұымдарының көрмелері қойылады.

Қалашықтың іші қорған-қалашық түріндегі жобаның ортасында ақ шатырлы орда түріндегі дөңгелек сахна орналасқан. Сахнаның алдында 200 орындық көрермендер алаңы болады. Сахналық алаңның екі шетінде арба үстіне тігілген киіз үйлер қойылады деп жоспарланған.
Қалашықтың ауыл-алаңқайларында қолөнершілер ауылы, құсбегі-саятшылар ауылы, зергерлер ауылы, қымызшылар ауылы, ұлттық тағамдар ауылы, музыкалық аспаптар көрмесі, балаларға арналған ойын алаңдары орналасады.

Келушілерге ұлттық киім киген қыз-жігіттер қонақтарды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырады. Этноқалашықта көрермендер ұлттық спорт түрлерін тамашалап, киіз үй тігу, сырмақ басу, ши тоқу, мал сойып, ет асу процестеріне қатыса алады. Қазақтың ән-күйін тыңдап, ұлттық қолөнер бұйымдарын естелік ретінде сатып алуға болады. Сондай-ақ, кешкі ойын-сауық пен ұлттық салт-дәстүрден сыр шертетін қойылымдары тағы бар.

Айта кетейік, әлемді жайлаған қауіпті індетке байланысты қалашықтың ашылуы кейінге шегіріліп тұр.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру