Санатталмаған

БЕЛГІЛЕРІ ЖОҚ КОРОНАВИРУС НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

AzatMedia. 2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлады. Оның ішінде Шымкент қаласының көрсеткіші – 70. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда – 4892.
Белгілері жоқ коронавирус дегенді қалай түсінеміз, вирусты тасымалдаушылар айналадағы адамдарға қауіпті ме, осы және өзге де мазалаған сауалдарға Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы Маширов Қожахмет Намазбайұлы түсінік береді.
Симптомсыз коронавирус несімен қауіпті?
Ешқандай симптомы жоқ науқастар да вирус таратуы мүмкін. Оларды медициналық тілмен айтқанда «вирус тасымалдаушылар» деп атайды, екіншіден ондай науқастар 14 күн бақылауда болуы керек, себебі осы екі апта ішінде ғана аурудың белгілері байқалуы мүмкін.
Ешқандай симптомы жоқ инфекция жұқтырған адам вирусты тарата ма?
Симптомсыз коронавирустың қауіптілігі, ол адам өзінің ауырғанын білмейді және өзінің айналасындағы адамдар (отбасы мүшелері, жұмыстағы әріптестері) және қоршаған ортаға вирусты таратып, күніне бірнеше адамға жұқтыруы мүмкін.
Инфекция жұқтырған адам қай кезде аурудан айыққан болып саналады?
-Науқас толық емделіп шыққаннан кейін клиникалық белгілері толық жойылып, одан кейін алынған анализ нәтижесі теріс болған кезде ғана аурудан толық айыққан боп есептеледі.
Коронавирус пен тұмаудың айырмашылығы? COVID-19 дертінің симптомдары қандай?
Коронавирустың да, тұмаудың да қоздырғышы – вирус. Екеуі де инфекциялық жұқпалы аурулар. Бірақ қоздырғыш вирустары әртүрлі. Тұмау вирусы тек қана ауа тапшылы жолмен жұғатын болса, коронавирус ауа арқылы және қатынас арқылы жұғады. Екінші ерекшілігі тұмаудың инкубациялық кезеңі 5-7 күн, ал коронавирустың бұл кезеңі 14 күнге созылады.
Вирус жұқтырудан қалай сақтануға болады?
-Қоғамдық орындарда міндетті түрде бетперде кию, қолды антисептик құралдарымен залалсыздандыру, арақашықтық сақтау және жеке бас тазалығын сақтау қажет.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру