Санатталмаған

АБАЙ АУДАНЫНДА ТӨРТ МОНИТОРИНГТІК ТОП ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДЕ

AzatMedia. Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов және Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Абай ауданы бойынша басшысы А.Шажаевтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті.

– Қаланың бас санитарлық дәрігері қабылдаған қаулыға сәйкес, барлық шектелген шаралардың орындалуы бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар атқаруда. Сонымен қатар, карантинге жабылған жеке секторлардағы тұрғын үйлердің қатты тұрмыстық қалдықтары аптасына бір рет, көпқабатты тұрғын үйлердің қалдықтары күнделікті «Спецавтотранспорт» ЖШС мекемесінің арнайы техникасымен бөлек шығарылуда және көшелер мен тұрғын үйлер залалсыздандырылуда. Қазіргі таңда аудан аумағында төрт мобильді топ сауда орындары мен ірі нысандарда санитарлық талаптарды сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде, – деді Б. Парманов.

Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының тексеруі барысында бетперде тағу режимінің орындалмауы, тепловизорлардың жоқтығы мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталған. Соған байланысты тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілуде.

Бүгінгі таңға дейін 4 мобильдік топ бекітілген аумақтары бойынша 674 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабы, 3 тармағы бойынша аудандағы кәсіпкерлік нысандарға 11 айыппұл хаттамасы толтырылды. Жалпы аудан аумағында санитарлық талаптарды сақтамағандарға 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 450 хаттама толтырылған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру