Ақпарат

ШЫМКЕНТ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН: «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ЖОБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Қазіргі жаһандық білім беру кеңістігінде қаржылық сауаттылық – ХХІ ғасыр тұлғасының негізгі өмірлік дағдыларының бірі ретінде қарастырылуда. Осы бағыттағы жүйелі қадамдардың бірі – Ұлттық Банк пен білім беру ұйымдарының серіктестігі аясында іске қосылған «Қаржылық сауаттылық негіздері» жобасы. Бұл – еліміздің мектептері мен колледждерінде financial literacy, life skills education, socio-economic competence бағыттарын кешенді дамытуға бағытталған ауқымды білім беру бастамасы.

Шымкент қаласында аталған жоба аясындағы алғашқы оқыту курстары 2025 жылдың қыркүйек айында сәтті ұйымдастырылып, нәтижесінде 25 педагог кәсіби бағдарлы курсты табысты аяқтап, сертификаттарға ие болды. Қатысушылар financial education in formal curriculum, budget management, personal finance planning, consumer rights awareness секілді маңызды тақырыптарды қамтыған оқу бағдарламасы негізінде білім алды.

Курсты өткізу барысында теориялық және практикалық бөлімдер үйлесімді ұйымдастырылып, педагогтерге білім беру процесінде қаржылық сауаттылық элементтерін кіріктіру бойынша нақты әдістемелік қолдау көрсетілді. Оқыту барысын Шымкент қаласы бойынша «Өрлеу» кәсіби даму институтының білікті тренерлері жүргізді. Олар pedagogical content knowledge (PCK) және andragogical principles негізінде оқыту моделін ұсынып, тыңдаушылардың reflective thinking, case-based learning, problem-solving approach секілді құзыреттерін дамытуға басымдық берді.

Жобаның басты мақсаты – білім беру жүйесінде қаржылық мәдениетті қалыптастыру арқылы financially informed citizen моделін жүзеге асыру. Бұл бағытта 10 000-нан астам педагогтің оқытылуы көзделіп отыр. Әрбір мұғалім алған білімін тек өз тәжірибесінде ғана емес, сонымен қатар әріптестері мен оқушыларға тарату арқылы multiplicative effect қалыптастырушы агентке айналады.

Шымкент қаласындағы алғашқы кезең қатысушылары:

  • Қаржылық ұғымдардың педагогикалық интерпретациясын меңгеріп, оқу үдерісіне интеграциялау жолдарын игерді;
  • Оқушылардың financial decision-making, spending and saving habits, entrepreneurial thinking дағдыларын қалыптастыруға бағытталған интерактивті әдістерді тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне ие болды;
  • Қаржы ресурстарын тиімді басқару мәдениетін қалыптастырудың оқу-әдістемелік негізін зерделеді.

Жобаның ерекшелігі – оның inclusive approach пен context-based learning қағидаларына сүйене отырып, әртүрлі әлеуметтік және білім беру контекстерінде қаржылық сауаттылықты дамытуды мақсат етуі. Сонымен қатар, курста digital finance tools, e-wallet safety, online transaction awareness секілді заманауи бағыттар да қамтылды, бұл мұғалімдердің edtech literacy деңгейін арттыруға ықпал етті.

Қорытындысында 25 педагог performance-based assessment нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жобаның алғашқы қатысушылары ретінде сертификатқа ие болды. Бұл – олардың кәсіби дамуы мен білім беру саласындағы жаңашыл бастамаларға дайын екенінің айқын дәлелі.

Қатысты жаңалықтар

Індеттен қайтыс болғандар бөлек жерленбейтін болды – ол несімен қауіпті

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ – ӨҢІРЛІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

bastynews

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі

bastynews