Ақпарат Қоғам

ЖЕТІСАЙДА АРДАГЕРЛЕРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

Жетісай ауданында аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдарының жұмысын саралау, алдағы даму бағыттарын нақтылау мақсатында мазмұнды кездесу өтті. Басқосу «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» тақырыбында өтіп, тәрбие мәселесіне жаңа серпін беру жолдары жан-жақты талқыланды.

Кездесуге Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Әбдішүкір Әбдімәлікұлы Сапарбеков, сондай-ақ «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» ұйымдарының белсенді мүшелері мен аудан ардагерлері қатысты.

Жиынның негізгі өзегі – жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелер мен оларды шешудің тың жолдары болды. Қатысушылар бүгінгі қоғамда тәрбиеге деген көзқарасты түбегейлі жаңарту қажет екенін атап өтіп, бірлескен іс-әрекеттің маңызын алға тартты.

– Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тұтқасы. Оларды тәрбиелеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ұлт болашағына бейжай қарамай, барша қоғам өкілдері күш біріктіруі қажет, – деді жиынға қатысушылар.

Кездесу барысында жас буынды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, ұлттық тәрбиенің маңызын арттыру жайында ұсыныстар айтылып, ұрпақ пен аға буын арасындағы сабақтастықты нығайту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, тәрбие саласында тың идеялар мен жобаларды іске асыру үшін құзырлы органдар тарапынан нақты қолдау қажет екені де сөз болды.

Жиын соңында қатысушылар ұрпақ тәрбиесін жаңа деңгейге көтеру үшін мазмұнды қойылымдар мен заманауи әдістерді қолдану, сондай-ақ кешенді бағдарламалар әзірлеу қажеттігін ұсынды.

Қатысты жаңалықтар

МЕЖЭТНИЧЕСКОЕ СОГЛАСИЕ – НАЦИОНАЛЬНЫЙ БРЕНД КАЗАХСТАНА

bastynews

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 72 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

bastynews

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

bastynews