Қазіргі заманғы білім беру үдерісі тек пәндік біліммен шектелмейді. ХХІ ғасыр мұғалімі – бұл оқушының эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлауын және визуалды сауаттылығын дамытуда шешуші рөл атқаратын креативті фасилитатор. Осыған орай, көркем еңбек саласы бойынша мұғалімдердің кәсіби даму траекториясын кеңейтуге арналған «Шығармашылық мұғалімдер алаңы» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің art-based education, visual literacy, design thinking in education бағыттары бойынша шығармашылық әлеуетін дамыту, creative pedagogy принциптерін жүзеге асыру және кәсіби қауымдастық ішінде тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Іс-шараға қатысқан мұғалімдер өздерінің ерекше авторлық жобаларын ұсынып, project-based learning, aesthetic experience, hands-on learning секілді халықаралық білім терминологиясымен үндес педагогикалық практикаларын ортаға салды.
Семинар аясында шығармашылық идеяларымен бөліскен ұстаздар:
- Абдрахимова Рахима Аманкелдіқызы – №89 IT мектеп-лицейі, гобелен техникасы арқылы оқушының шығармашылық ойлауын дамыту жобасы;
- Адырбекова Гульвира Айнабековна – №143 ЖОББМ, бисермен жұмыс арқылы визуалды креативтілік пен моторлық дағдыларды дамыту үлгісі;
- Билисбекова Айжан Бердибековна – №5 ЖОББМ, фетр және моншақпен жұмыс негізінде шығармашылық жобалау;
- Кымбатова Диларам Алтаевна – №23 мектеп-лицейі, дәстүрлі және заманауи әдістерді біріктіре отырып, оқушының шығармашылық құзыретін жетілдіру;
- Мұнайтбасова Гүлзина Кураковна – №48 мектеп-лицейі, тоқыма өнерін оқытудағы заманауи тәсілдер және tactile learning элементтері;
- Нұрғали Нурай Саламатқызы – №28 ЖОББМ, бейнелеу өнеріндегі әр жанр арқылы art expression қалыптастыру;
- Хаджашева Надира Рахимовна – №34 ЖОББМ, заманауи иллюстрация және сурет салу технологиялары бойынша оқыту әдістері;
- Эрметова Гүлзахра Абдимұталовна – №109 ЖОББМ, бисерден бұйым жасау арқылы оқушының шығармашылық әлеуетін арттыру;
- Рахимжанова Гүлзия Ергенбаевна – №47 мектеп-гимназиясы, қайта өңдеу материалдарын қолданып, eco-design негізінде шығармашылық жобалар әзірлеу;
- Умбетова Гулара Турсункуловна – №57 ЖОББМ, дәстүрлі емес материалдарды қолдану арқылы портрет өнеріндегі креативті модельдер.
Семинар барысында педагогтер көркемдік жобалау, эстетикалық тәрбие және дизайн салаларындағы әлемдік трендтерді білім беру мазмұнына кіріктіру жолдарын қарастырды. STEAM education, cross-curricular integration, experiential learning секілді халықаралық білім беру тәсілдері көркем еңбек пәні арқылы қалай іске асырылатынына нақты мысалдар келтірілді.
