Жаһандану мен цифрлық трансформация үдерісі білім беру саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда ағылшын тілін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік құзыреттілігін және ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру басты назарда. Осы орайда мегаполис Шымкент қаласында «Ағылшын тілін оқытуға жаңаша көзқарас: инновация, технология және ынтымақтастық» (“A New Perspective on English Language Teaching: Innovation, Technology, and Collaboration”) тақырыбында заманауи форматтағы семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған transformative teaching approaches, digital pedagogy, collaborative practices, technology-enhanced learning бағыттарын ұсыну арқылы олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және professional learning community аясында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Семинар модераторы, “Жаратылыстану-математикалық бағыттағы” кафедрасының аға оқытушысы Избасарова Гүлмира Булатовна қатысушыларға білім берудегі жаһандық трендтерге, lifelong learning, digital fluency, blended learning environments секілді халықаралық білім беру ұғымдарына назар аударуға шақырды.
Семинар барысында тәжірибелі педагогтер мен инновациялық ой-пікірлер иелері өздерінің әдістемелік шешімдері мен тәжірибелерін ұсынды:
- Андасова Мейркул Макеновна (№86 ЖОББМ) – “Gamification in ELT: Motivating Learners through Playful Learning” тақырыбында ойын технологияларын сабақта қолданудың тиімділігін ұсынды.
- Пернебек Ұлбосын Нұрланқызы (№23 мектеп-лицейі) – “Project-Based Learning: Building 21st-Century Skills through English” баяндамасында жобалық оқытудың тілдік және танымдық дағдыларды дамытудағы рөліне тоқталды.
- Медетбекова Раушан Райхановна (№138 ЖОББМ) – “AI-Powered Teaching: How Tools like ChatGPT Can Support Lesson Design” баяндамасында AI integration in education және жасанды интеллект негізінде сабақ құрылымдау тәсілдерін көрсетті.
- Шинтаева Еркежан Мұхтаровна (№57 ЖОББМ) – “Digital Storytelling: Using Multimedia to Enhance Language Skills” тақырыбында сандық әңгімелеудің оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларына әсерін сипаттады.
- Сламова Зауре Кожахметовна (№132 ЖОББМ) – “CLIL in Action: Integrating Language and Content Learning” арқылы мазмұн мен тілді кіріктіре оқытудың (Content and Language Integrated Learning) тиімді тәсілдерін ұсынды.
- Тленчиева Айдана Дүйсебайқызы (№132 ЖОББМ) – “Collaborative Learning: Pair and Group Work for Deeper Engagement” баяндамасында peer-to-peer learning, active participation, және топтық жұмыстың мотивацияны арттыруға ықпалын ашып көрсетті.
- Омарова Жамила Мынжасаровна (№4 ЖОББМ) – “Flipped Classroom: Redefining Homework and Classwork in English Lessons” тақырыбында дәстүрлі сабақ құрылымына балама ретінде ұсынылған flipped learning model артықшылықтарын нақты мысалдармен талдады.
