Санатталмаған

ЖУЫРДА «МЕНІҢ ЕМХАНАМ» КӨПСАЛАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ АШЫЛАДЫ

AzatMedia. Шымкент қаласының әкімі бүгін бірнеше медициналық нысандарды аралады. Алғаш болып «Ана мен бала» оңалту орталығында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Орталық – еліміздің барлық аймағындағы АИТВ жұқпасымен өмір сүретін 18 жасқа дейінгі балаларға, «В» және «С» созылмалы вирустық гепатиті бар балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсететін жалғыз ұйым.   

Медициналық мекеме тәулік бойы стационарлық және амбулаторлық көмекті жүзеге асырады. Ал АИТВ-инфекциясы бар балаларға психологиялық көмек және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Мұрат Дүйсенбекұлы қалалық емханалардағы жүктемені азайту мақсатында жаңадан салынып жатқан «Менің емханам» көпсалалы клиникасына барды. Болашақта медициналық мекемеге кардиолог, невролог, хирург, эндокринолог, ЛОР, офтальмолог сияқты мамандар көптеп тартылып, электрокардиография, ультрадыбыстық зерттеулер, флюорография сияқты аспаптық зерттеулер жүргізілетін болады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, скринингтік тексерулер мен мақсатты топтарды диспансерлеуді, иммундауды, СӨС қалыптастыру мен насихаттауды, отбасын жоспарлауды, жүкті және балаларды патронаждауды, әлеуметтік-психологиялық консультация беруді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.

Медициналық мекемелерді аралау соңында қала әкімі ұйымдардағы құрылыс жұмыстарының сапалы жүруін және заманауи талапқа сай медициналық жабдықтармен жасақталуын тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру