Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған маңызды оқыту семинары өтті. Тақырып – «Алғашқы медициналық көмек көрсету және суицидтік мінез-құлық жағдайындағы дағдарыстық әрекет алгоритмі». Бұл – қазіргі таңда жоғары оқу орындары алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып отырған mental health және crisis management салаларымен тікелей байланысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында университет психологы, аға оқытушы Сенова Ю.С., «Педагогика және психология» секторының менеджері Ешенқұлова Д.Б. және денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі Бывалец В.Н. болды. Сонымен қатар, семинар барысында практикалық кейс-талдау және шұғыл көмек көрсету дағдыларын меңгеру үшін «Интертич» клиникасынан шақырылған дәрігер-хирург Сыздыков Әлібек Сейілбекұлы арнайы қатысып, тәжірибелік бөлімге жетекшілік етті.
Семинардың негізгі мақсаты – университет қызметкерлерінің дағдарыс жағдайында әрекет ету, алғашқы доврачебная помощь көрсету, және студенттер арасында суицидтік мінез-құлық байқалғанда дұрыс шешім қабылдау қабілетін арттыру.
Семинар шеңберінде келесі мәселелер қамтылды:
Суицидтік мінез-құлық түрлері мен оның ескерту белгілері;
Emergency response алгоритмі: университет жағдайында шұғыл әрекет ету сатысы;
Доврачебная первая помощь көрсету әдістері;
Университет құрылымдарымен және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл;
Дағдарыс жағдайындағы қарым-қатынас психологиясы және қолдау көрсету әдістері.
Семинарға қатысқан 36 тыңдаушы өз тәжірибесінде аса маңызды болып саналатын психологиялық қолдау мен суицидтік әрекеттің алдын алу мәселелері бойынша білім алды. Бұл – қазіргі таңда student well-being пен campus safety бағытында әлемдік жоғары білім беру кеңістігінде кеңінен қолданылып жатқан evidence-based practice форматының элементтерімен сабақтас.
Сыздыков Әлібек Сейілбекұлы жедел көмек көрсетудің халықаралық стандарттары негізінде симуляциялық оқиғалар арқылы қатысушылардың әрекет алгоритмін пысықтап, практикалық бөлімде нақты медициналық нұсқаулар берді. Моделдеу барысында BLS (Basic Life Support), қауіпсіздік шаралары, психоэмоционалдық қолдау көрсету сияқты негізгі бағыттар қамтылды.
Семинар барысында ҚР аумағындағы өзекті статистика, құқықтық нормалар және университеттің ішкі тәртіп регламенттері де талқыланды. Әсіресе, ҚР заңнамасы аясында білім беру мекемелерінің жауапкершілігі, оқытушылар мен қызметкерлердің әрекет ету шекаралары және құзыреттері нақты түсіндірілді.
Оқу орнының ішкі процестеріне «Zero Suicide» және «Whole Institution Approach» секілді халықаралық ғылыми-тәжірибелік модельдерді кезең-кезеңімен енгізу – болашақта студенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз және қолайлы академиялық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.