Ақпарат Қоғам

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан: әлемде транзиттік бағыттар үшін бәсекелестік күшейіп келеді.

Арзан балама жолдар мен жаңа бағыттар ұсынылуда. Қазақстан бұл жағдайда алдын ала әрекет етіп, әрдайым бір қадам алда болуы қажет. Бұл еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға және халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қуат көздерін жан-жақты жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен ауқымды жобалар іске асырылуда. Алдағы бес жыл ішінде қуаты 6,3 гигаватт болатын “жасыл” энергия нысандарын пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл бастамалар Қазақстанның орнықты дамуына, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Жолдау2025 #Транзит #Энергетика #ЖасылЭнергия #Инвестиция #Даму

Қатысты жаңалықтар

Трамп к Ирану: «Сделайте это. Пока не стало слишком поздно»

bastynews

ҚҰҚЫҚТАР МЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ ТҮСІНДІРУ
ЖҰМЫСШЫЛАРҒА<

bastynews

Послы перемен: молодёжь Шымкента выступила за Закон и Порядок

bastynews