Қоғам

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті

Түркістан облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Мәселен жыл басынан бері полицейлермен 38 229 тұрғын үй араланып, азаматтарға алаяқтықтың жаңа тәсілдері мен одан қорғану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар 50 460 азаматқа жеке ескерту жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары білім беру және медицина салаларын да қамтыды. Арнайы онлайн тестілеу арқылы 56 563 студент, 218 463 оқушы, 86 244 мұғалім және 23 563 медицина қызметкерінің білімі тексерілді. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарында 710 профилактикалық кездесу өткізілді.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік желілермен қатар облыстағы 75 LED-экран мен 90 билбордта ескерту материалдары тұрақты түрде жариялануда.
Осы ретте полиция азаматтарға қарапайым ережелерді ұстануға кеңес береді. Соның ішінде бейтаныс қоңырауларға сенбеуге, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды ешкімге бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДО

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛА ДӘРІХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛУДА

Bastynews

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЭТНОЛОГИЯ МЕН МӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ РӨЛІ

bastynews

“ПРОФИЛАКТИКА ЖҮЙЕЛІ ӘРІ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАЖЕТ”: ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

bastynews