Санатталмаған

ТҮЛКІБАСТА КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

AzatMedia. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің басым көпшілігі – ұсақ шаруашылықтар. Олар бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы өнім шығаруға қауқарсыз. Техникалары, құрал-жабдықтары жетіспейді. Өңірімізде өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің дені осындай ұсақ және орта шаруашылықтардың қолынан шығатыны белгілі.

Осы ретте облыс әкімі Ө.Шөкеев аудан әкімдеріне ауылшаруашылығын дамытудың үш бағытының бірінші бағытында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ірілендіріп, кооперативтендіруді тапсырған болатын.
Бүгін Түлкібас ауданында облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында кезекті көшпелі семинар өтті.


Семинарға аудан әкімі Н.Байғұт, аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, ауылдық округ, кент әкімдері, шаруа қожалық төрағалары мен мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген аудан тұрғындары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар ұсақ шаруашылықтардан бастап ірі мал бордақылау алаңдарын аралап, жұмысын өз көздерімен көрді.
Жиында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы мен шаруа қожалық төрағалары зәкірлік жоба ретінде алынған «Адал» шаруа қожалығының аумағында семинарға қатысушыларға мал бордақылаудың қыр-сырымен бөлісіп, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдауларды кеңінен түсіндірді.
Бұл жердегі басты мақсат, «Сыбаға» бағдарламасымен алынған бұқашықтарды 200 кг салмақтан асқаннан кейін бордақылауға «Адал» ШҚ –на өткізу; «Адал» ШҚ бордақыланған бұқашықтарды 400 кг жеткізген жағдайда экспортқа етке өткізу; Экспортқа ет шығару арқылы облыс тарапынан ауданға берілген жоспарды орындау. Қарапайым үлгідегі мал бордақылаумен айналысып отырған кәсіпкерлердің көзқарасын өзгертіп, жаңа заманауи технологияға өткізу, яғни етті делдалсыз экспортқа шығару.
Түпкілікті нәтижесі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша алған ШҚ-тар мемлекет тарапынан берілген жеңілдікке ие болуы.

Семинарды қорытындылаған аудан әкімі, «Облыс әкімі Ө.Шөкеев өңірімізде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында үш басым бағытты белгілеп берді. Үш бағыт бойынша арнайы семинарлар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ендігі мақсат, сол семинарлардың нәтижесін шығару»-деп, округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына облыс әкімінің тапсырмасын мерзімінде сапалы орындауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан әкімі кәсіпкерлерге еттің сапасы мен түрлі аурулардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы белгіленген мал сою бекеттерінде сою қажеттігін ескерді.

Мал шаруашылығы күн санап дамыт келе жатқан Түлкібас ауданында ет өнімін көршілес елдерге экспорттау жұмыстары да қарқын алып келеді. Олай дейтініміз бір «Адал» шаруа қожалығының өзі биылғы жылы Өзбекстан республикасына 1000 тонна етті экспорттау бойынша келісім шартқа тұрған.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру