Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 590 АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ

AzatMedia. Шымкентте қоғамдық көлік жаңа автобустармен толығып, аялдамалар салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз турында мәлім болды.

Жуырда Шымкентте қоғамдық көлік сапасын жақсарту мақсатында жаңа жүйе қабылданды. Соның нәтижесінде көлік саласындағы түйткілді мәселелер рет-ретімен шешімін таппақ.

– Төлем карталары тамыз айынан бастап, 500 теңгеден сауда орталықтары мен дүкендерде сатыла бастайды. Қаламызға жыл аяғына дейін 590 автобус әкелінеді деп жоспарланып отыр. Сол кезде шымкенттіктер сығылысып, мініп-түсіп жүрген шағын әрі ескі автобустар біртіндеп айналымнан шығарылады, – деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев.

26 орындыққа арналған экологиялық таза автобустар жолаушыларға жайлы. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы. 14 мың тегін төлем картасы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Алтын алқа, Күміс алқа иелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Сонымен қатар, 11 жоғары және арнаулы оқу орындарындағы студенттерге карта беріледі.

Баспасөз турында БАҚ өкілдері салынған жаңа аялдамалармен танысты. Үшінші мегаполисте алдағы уақытта 260 аялдама салынады. Шағын аялдаманың құны 900 мың теңге, үлкені 2 миллион теңгеге жуық. Бұл аялдамалардың ерекшелігі әйнектері төзімді. Бұрын ені 60 см болса, қазіргі қойылатын аялдама 40 см-ге қысқарды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде 1200 қоғамдық көлік аялдамасының қажет екені белгілі болды. Мәселе алдағы 4-5 жылда кезең-кезеңімен шешімін таппақ.

Сондай-ақ баспасөз турында журналистер Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховпен бейресми форматта кездесті. Ол БАҚ өкілдерінің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен түсіндірді.

М. Исаховтың айтуынша, 17 маршрут жабылып, 14 жаңа бағыт ашылады.

Қатысты жаңалықтар

16 мая 2026 года в городе Туркестан состоится торжественная церемония запуска проекта по искусственному вызыванию осадковв Республике Казахстан – первого проекта подобного масштаба в Центральной Азии.

bastynews

2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді.

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

bastynews

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

bastynews

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатында тарихи жеңіске жетті

bastynews

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

bastynews

Шымкентте «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетті

bastynews

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

bastynews

Пікір қалдыру