Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: № 6 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, уақытша тұрушылардың өмір сүру жағдайларымен танысып және оларды оңалту бойынша ұсыныстар берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мекеме 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Орталық 300 төсек-орынға есептелген. Қазіргі уақытта стационарда 150 бала, жартылай стационар жағдайында – 103 бала оңалтудан өтуде

Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

– балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету, жасына және денсаулық жағдайына барынша сәйкес келетін үй жағдайына жақын өмір сүру жағдайларын жасау;

– балаларға күтім жасауды қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік- медициналық қызмет көрсету;

– әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету;

– әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету;

– әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету;

– әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету;

– әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету;

– әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету.

Айжани Нұрланова мекемедегі жағдаймен, тұрмыстық жағдайлармен және уақытша тұрушылардың оңалту бағдарламаларымен танысты.

Мекеме басшылығымен әңгіме барысында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысын бақылау және балаларды қосымша заманауи оңалту құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Айжани Нұрланова қызметкерлер арасында психологиялық оқу курстарын өткізу, оларды жылына екі рет санаториялық-курорттық емделуге жіберу және психологиялық шаршауға жол бермеу үшін мотивациялық іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар берді.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру