Ақпарат Технология

ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНА: «ОЛИМП» КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Шымкент қаласында «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің жаңа нысаны пайдалануға берілді. Медициналық мекеме заманауи құралдармен жабдықталған және жоғары дәлдіктегі зертханалық талдауларды орындауға мүмкіндік береді.
Зертхана ғимаратына 1,2 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған. Қазіргі таңда жаңа орталықта 30 маман қызмет атқарады, ал жалпы мекеме бойынша 200-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
Қала аумағында 40-қа жуық ем-шара кабинеті жұмыс істейді. Бұл бөлімдерде пациенттерден сынамалар алынып, олар зерттеу үшін орталық зертханаға жеткізіледі.
Мекеме жыл сайын ауқымын кеңейтіп, диагностикалық қызметтердің сапасын арттыруға және қолжетімділігін қамтамасыз етуге жұмыс істеуде. Жаңа зертхана азаматтарға медициналық қызметтерді уақтылы және сапалы ұсынуға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

УЧАСТИЕ ИЗВЕСТНЫХ СПОРТСМЕНОВ И ОБЩЕСТВЕННЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ В ВЫБОРАХ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ В ШАРДАРИНСКОМ РАЙОНЕ

bastynews

23,2 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Bastynews

GEOHERITAGE & INTERDISCIPLINARY ARCHAEOLOGY: УЧЕНЫЕ ЮКПУ ПРОДОЛЖАЮТ ИССЛЕДОВАНИЯ ДРЕВНИХ КУЛЬТУРНЫХ СЛОЕВ

bastynews