Санатталмаған

КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІНЕ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

AzatMedia. Бүгін Шымкент қаласында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов мәлімдеді.

– Оқуға тіркеу және оқыту 10 маусымда басталды. Карантиндік шектеулерге байланысты биыл «Бизнес Бастау» жобасына тіркелу де, оқыту да онлайн форматта «Atameken Academy» платформасы арқылы өтеді. Оқыту маусым мен қыркүйек айлары аралығында 5 кезең бойынша жүргізіледі, – деді Олжас Ерланұлы.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаеваның айтуынша, оқуға тіркелу үшін алдымен жұмыспен қамту орталығынан жолдама алуы тиіс. Кейін сол жолдаманы жеке куәлікпен бірге https://atameken.co/kk/course-bastau сілтемесіне жүктеу қажет.

– Оқуға 18 бен зейнет жасы аралығындағы жұмыссыздар, еңбекке қабілетті мүгедектер, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы мүшелері мен оралмандар қатыса алады. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды, – деді Жанат Өмірсейітқызы.

Айта кетейік, «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқыған азаматтар мемлекет тарапынан берілетін 200 АЕК көлеміндегі грантқа үміткер бола алады.

(с) Айдар Кулжанов

Фото: Серик Косаев

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру