Санатталмаған

«БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

AzatMedia. Шымкентте «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Аталған жоба аясында оқыту 4 кезеңнен тұрады. Біріншісі маусым айында (онлайн оқыту 10 мамыр күні басталып кетті). Екінші кезең шілде айында, үшінші кезең тамыз айында және төртінші кезең қыркүйек айында жүргізіледі. Оқу аяқталған соң әрбір қатысушы емтихан тапсырады. Сынақты жақсы тапсырған азаматқа сертификат табысталып, мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Тест сынағын үздік тапсыра алмаған азаматтарға оқу курсын тәмамдағаны туралы сертификат беріледі.

«Бизнес бастау» жобасына қатысу үшін алдымен Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдама алу керек.

Негізінен жобаға 18 жас пен зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар, жұмысқа қабілеті бар мүгедек жандар (арнайы дәрігердің рұқсат қағазымен) қатыса алады.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын), көп балалы отбасының мүшелері және қоныс аударушылар мен оралмандар «Бастау бизнестің» сертификатынсыз мемлекеттік грантқа үміткер болуға мүмкіндік бар.

Грант қайтарымсыз болғанымен мониторинг топ тарапынан арнайы тексеру жұмысын жүргізіп отырады. Яғни, бұл – әлеуметтік көмек емес, кәсібін бастауға ынталы кісілерге бизнес жоспарын іске асыруына жасалып жатқан мүмкіндік. Егер бағдарламаға қатысушылар аталған грантты мақсатты жоспар бойынша жұмсамаған жағдайда қаражат қайтарып алынады.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 1 422 адамға грант бөлінген. Алайда жыл соңына дейін қаржы қажеттілігі туындаған жағдайда Республикалық бюджеттен қосымша қаржы сұралатын болады.

 

Қатысты жаңалықтар

16 мая 2026 года в городе Туркестан состоится торжественная церемония запуска проекта по искусственному вызыванию осадковв Республике Казахстан – первого проекта подобного масштаба в Центральной Азии.

bastynews

2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді.

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

bastynews

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

bastynews

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатында тарихи жеңіске жетті

bastynews

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

bastynews

Шымкентте «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетті

bastynews

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

bastynews

Пікір қалдыру