Санатталмаған

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕР СЫНАҚТАН ӨТТІ

AzatMedia. Шымкентте кинологиялық құрылымдардың сертификаттық сынағы өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдай комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы сынақтар жаңа форматта өткізілді.

Алдымен әр жедел-құтқару жасағы өз бетінше кинологиялық иттерін сынақтан өткізеді. Жұмысты бағалау үшін комиссия құрылып, оның құрамында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің тәжірибелі мамандары енді.

Биылғы сынаққа екі кинологиялық топтың ламбрадор тұқымды Жасмин, Берта, Рой лапақ атты 3 иті қатысты. Төрт аяқты жануарлар сертификаттау сынақтарының жасақ аумағында тыңдаулар, ептілік көрсету және үйінділер астынан шартты түрде зардап шеккендерді іздеу сияқты үш кезеңінен өтті. Алғашқы кезеңдер бұрынғы шифер зауытының аумағында және соңғы кезең табиғи ортада іздеу үшін Бадам өзенінде өтті. Нәтижесінде жедел-құтқару жасағының барлық қызметтік иті тапсырмаларды сәтті орындап, шеберліктерін және үйренген кәсіби дағдыларын көрсетті.

Алдағы уақытта бұл кинологиялық бөлімдер төтенше жағдай аймақтарынан адамдарды нақты жағдайларда құтқару операцияларына қатыса алады.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру