Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 15 639 ТҮЛЕК МЕКТЕППЕН ҚОШТАСТЫ

2024–2025 оқу жылында Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарын 15 639 оқушы сәтті аяқтап, мектеппен қоштасты. Бұл – түлектер үшін үлкен өмірге бастар жолдың алғашқы қадамы, жаңа белестер мен асулардың басы.

Биылғы түлектердің жетістігі – ерекше мақтаныш. 650 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, үздік білімін дәлелдеді. Ал 1 115 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Атап айтқанда, «Алтын белгі» иегерлерінің саны 41%-ға, «Үздік аттестат» иеленгендердің саны 21%-ға артты. Бұл — Шымкент қаласындағы білім сапасының артуының, мектептерде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың және ұстаздар мен оқушылар еңбегінің нақты нәтижесі.

Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, білім беру мекемелеріндегі материалдық-техникалық базаның жаңаруы, педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған курстар мен семинарлар – осының барлығы оқу процесінің сапасын жақсартуға зор әсер етіп отыр. Сонымен қатар, цифрлық білім беру ресурстарының кеңінен қолданылуы, зияткерлік байқаулар мен ғылыми жобаларға оқушылардың белсенді қатысуы – олардың жан-жақты дамуына мол мүмкіндік беруде.

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас түлектер – ел ертеңінің жарқын бейнесі. Олардың қатарында республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар сайыстарының, спорттық және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары да бар. Бұл көрсеткіштер – Шымкенттің білімді жастары болашаққа сенімді қадам жасап келе жатқанын дәлелдейді.

Мектеп – сіздердің өмір жолдарыңыздағы алғашқы үлкен мектеп болды. Бұл жерде білім ғана емес, өмірлік тәжірибе, достық, тәрбие мен үлкенге құрмет, кішіге ізет үйрендіңіздер. Енді сіздерді үлкен өмір сынақтары күтіп тұр. Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосар білікті маман, жан-жақты азамат болатыныңызға сенеміз. Армандарыңыз асқақ, таңдаған жолдарыңыз нұрлы болсын!

Түлектердің бұл жетістігі – сіздердің ұзақ жылғы ерен еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыздың және бала болашағына деген шексіз жанашырлықтарыңыздың нәтижесі. Әр баланың жеңісі – сіздердің ортақ жемісіңіз. Сіздерге зор алғыс білдіреміз!

Білім – ұлттың болашағы. Ал сол болашақты қалыптастыратын бүгінгі жас ұрпақ – біздің басты құндылығымыз. Мектеп түлектерінің жарқын болашағы мен сенімді қадамы – ел игілігіне айналарына сенім мол.

Қатысты жаңалықтар

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

Bastynews

Аким сделал первый ход: в Шымкенте проходит второй этап женского Гран-при ФИДЕ 2024–2025

bastynews

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ДУБАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ LEGO ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!

bastynews