Ақпарат

TÜLEK–2025: TASHENEV UNIVERSITY-ДЕ БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

2025 жылдың шілде айының соңында Tashenev University қабырғасында маңызды әрі қуанышты оқиға – университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл күн – білім мен еңбек жемісінің, жаңа өмір белесінің бастамасы іспетті. Биылғы оқу жылын табысты аяқтаған түлектер қатарында педагогика және жаратылыстану ғылымдары, экономика және құқық, ақпараттық технологиялар және шет тілдері, дене шынықтыру және спорт, педагогика және өнер факультеттерінің бакалавриат студенттері мен магистратура бағдарламасының білім алушылары бар.

Салтанатты жиында университеттің ректоры Қанат Байболов пен проректорлар оқу озаттарына, соның ішінде магистратураны үздік тәмамдаған түлектерге қызыл дипломдарды табыс етіп, олардың жетістіктеріне жоғары баға берді. Ректор құттықтау сөзінде түлектерге университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Түркістан облысының Құрметті азаматы Оңалбай Аяшевтің атынан арнайы құттықтауын жеткізіп, өзі де жылы лебізін білдірді.

«Бүгін – университетіміз үшін тарихи сәт. Бұл – Tashenev University тарихындағы үшінші түлектер легі. Жас болғанына қарамастан, оқу орнымыз қарқынды даму үстінде.

Қазіргі таңда Tashenev University-де 10 000-нан астам студент білім алуда. Биылғы жылы 3 000-нан аса жас маман диплом алып, үлкен өмірге жолдама алды. Университет 56 бакалавриат және 12 магистратура бағдарламасы бойынша кадр даярлайды. Оқу орны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша байқауға қатысып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен мемлекеттік гранттар ұсынады. Бұл – әлеуметтік әділеттілік пен өңірлік теңдікке негізделген жүйелі саясаттың нақты көрінісі.

Университет ұжымы министр Саясат Нұрбекке дарынды ауыл жастарының жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етіп отырғаны үшін алғысын білдірді. Бұл – өңірлердегі жастардың әлеуетін ашуға, ел дамуына үлес қосатын кадрларды даярлауға зор мүмкіндік береді.

Бүгінде Tashenev University шет мемлекеттердің жетекші университеттерімен, соның ішінде Грекия, Бельгия, Ұлыбритания және басқа елдердің ЖОО-ларымен тығыз халықаралық әріптестік орнатқан. Студенттер үшін барлық қажетті жағдай жасалған: заманауи жатақханалар, ғылыми-зерттеу орталықтары, спорттық кешендер мен шығармашылық студиялар оқу процесіне тиімді интеграцияланған.

Қатысты жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТАР МЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ ТҮСІНДІРУ
ЖҰМЫСШЫЛАРҒА<

bastynews

Қазақтардың намысына тиген фильмнің жалғасы шықпақ: «Борат-2» туындысының түсірілімі басталды

Bastynews

Шымкентте карантин жеңілдетілді және ұзартылды

Bastynews