Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА 2000-ҒА ЖУЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысында жыл басынан бері «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында 2000-ға жуық кездесу өтіп, 45 мыңнан астам жас – құқықтық сауаттылығын арттырды. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Дінислам Бимаханбетов мәлімдеді.

«Өңірдегі аудан-қалаларда жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» атты көшпелі оқу семинары өтіп жатыр. Аталған шара аясында 68 кездесу ұйымдастырылып, 3500 жас қаржылық жоспарлау және несие шарттарын түсіндіру бойынша білім алды. Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын-алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 781 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 53 710 жас қамтылды. Сонымен қатар, келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Тәртіп – тұрақтылық кепілі» атты психологиялық семинарлар ұйымдастырылып, 1700 жас арнайы мамандардан көмек алды. Одан бөлек, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесе ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы кубогы үшін «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Республикалық «Zandy kulki» жайдарман ойыны өтті. Сондай-ақ, облыстық «Білімді жастар – ел ертеңі» атты құқықтық тәрбиелік көшбасшылар форумы ұйымдастырылып, еліміздің құқықтық жүйесі мен қоғамдық-саяси саласында еңбек етіп жүрген жетекші тұлғалар өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, облыс прокурорының орынбасары Ермұрат Шалатайұлы, «Қазақстан КВН Одағының» президенті Есен Елеукен спикер болды. Форумнан соң қатысушылар Түркістан қаласындағы «Заң мен тәртіп» аллеясында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көшет отырғызды. Жалпы атқарылған шаралар «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі түрде іске асыруға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады. Алдағы уақытта да жастарға құқықтық тәрбие беру мен қауіпсіз орта қалыптастыру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын табады»-деп баяндады спикер.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ХАБЫ

bastynews

Заң мен тәртіп: Шымкентте полиция балаларға арналған заң туралы мультфильм ұсынды

bastynews

Бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды

Bastynews