Ақпарат

БІРЫҢҒАЙ ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ: “БАЛА ҮШІН БӘЙГЕ БАСТАЛАДЫ”

Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен қоғамдық кеңес, тиісті басқарма басшыларымен бірге қосымша білімге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты енгізу туралы жиын өткізді. Бұл жәй жиын болған жоқ, жариялы түрдегі екіжақты қызу талқылау болды. Әкім орынбасары С.Абайұлы ваучерлік қаржыландырудағы түйткілді мәселелерді көпшіліктің алдына жайып салды. Бір мұғалімнің 4-5 үйірмеден сабақ беруі мен бір баланың 7 үйірмеге дейін тіркелгені туралы заңбұзушылықтарды да жасырмады.

– Қаржыландыру нормативтері өзгерді. Балалардың және қаланың нақты қажеттіліктері ескерілді. Білім беру үйірмелерінің жеке енім берушілерінде бір баланы қаржыландыру нормативтері бойынша айына 15 000 теңге, ЕББҚ бар балалар – айына 22 500 теңге, мүгедектігі бар балалар үшін айына 30 000 теңге белгіленіп отыр. Жылына қосымша білімге, тек осы жеке өнім жеткізушілерге он миллиард ақша жұмсалады. Он миллиард дейтін оңай ақша емес. Сондықтан өнім жеткізушілердің сапалы өнім ұсынғанын қалаймыз. Қаламызда үш жүз қырық төрт өнім жеткізуші бар. Біз осыған дейін шектеп келсек, бұдан былай үш мың төрт жүз қырық төрт, отыз мың төрт жүз қырық төрт болуы мүмкін.

Жиында белгілі болғандай, бюджеттік бағдарламаның бірыңғай әкімшісі бұдан былай Шымкент қаласының Білім басқармасы болмақ. Бір қызығы, 2021 жылдан бері қосымша білімге бірыңғай тапсырыс енгізілгелі бері мүмкіндіктері шектеулі (мүгедектігі бар) немесе ерекше блім беру кажеттіліктері бар бірде-бір бала қабылданбапты. Өнім берушілердің 90% қаланың орталығында орналасқан (қалаға қосылған 41 елді мекен қызметтермен қамтылмаған). Қосымша білім берушілердің қызметінің сәйкессіздігі де сынға алынды. Денсаулық сақтау, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар шығару, ортопедиялық тауарлар саудасы, машиналар мен жабдықтар саудасы, компьютерлерді жендеу, жылжымайтын мүлікті жалға беру, т.с.с. салалардың мамандары білім саласында қызмет көрсетіп келген.

“Әзірге 3 айға дейін тариф өзгермей тұрады. Енді бала үшін бәйге басталады. Мониторинг жылына 4 рет болады. Егер өнім беруші өзгермесе, ешкімге ренжімесін”, – деді әкім орынбасары С. Құранбек.

Басқосудың сұрақ-жауап бөлімінде өнім берушілер барлық көкейтесті сұрақтарының жауабын алды. Ғимараттағы дәретхана мәселесі де қозғалды. 10 адамға дейін 1 дәретхана болуы керектігі айтылды. Сонымен қатар бір топта 10 бала қамтылу қажеттігі талқыланды.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте к природному газу подключили еще один населенный пункт

bastynews

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

bastynews

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

bastynews