Ақпарат

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ДАНАБЕК ИСАБЕК ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АҚЖАР ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ОРНАЛАСҚАН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабек Шымкент қаласындағы Ақжар елдімекенінде орналасқан №147 жалпы орта мектебіне арнайы барып, білім беру мекемесінің қазіргі жай-күйімен танысты. Аталған сапар – депутаттың өңір халқының әлеуметтік жағдайымен танысып, жергілікті мәселелерді шешуге ықпал ету мақсатындағы жұмыс сапарының бір бөлігі болды.

2024 жылы пайдалануға берілген бұл мектеп – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде салынған заманауи білім ордасы. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылығын дамытып, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Мектеп заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Атап айтқанда, цифрлық технологияларға негізделген ІТ-сыныптар, жаңа үлгідегі физика, химия, биология зертханалары, интерактивті тақталармен қамтылған сыныптар, спорт және акт залдары, кітапхана мен логопедтік, психологиялық көмек көрсету бөлмелері жұмыс істейді.

— Құрылыс кезінде бірнеше мәрте келіп, жұмыс барысын бақылап отырдық. Бүгінгі нәтижеге қарап, атқарылған істің сапасы жоғары деңгейде екенін байқауға болады. Бұл – партиялық бақылаудың нақты жемісі, — деді Мәжіліс депутаты Данабек Исабек. Ол бұл нысанның дер кезінде пайдалануға берілуі – орталық пен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді іс-қимылының жемісі екенін атап өтті.

Сапар барысында халық қалаулысы мектеп директоры мен ұстаздар ұжымымен кездесті. Жүздесу кезінде Парламент қабырғасында атқарылып жатқан заң шығару жұмыстары, соның ішінде білім саласына қатысты реформалар жайында жан-жақты түсіндіріп, мұғалімдер көтерген мәселелерге мұқият құлақ түрді.

Мектеп оқушылары да халық қалаулысына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау, елдегі жастар саясаты, білім гранттары мен қосымша мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.

Сапар соңында депутат Ақжар елдімекенінде атқарылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен танысып, тұрғындармен ашық әңгімелесу жүргізді. Бұл кездесулер билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, жергілікті мәселелердің нақты шешім табуына жол ашатыны сөзсіз. Мәжіліс депутаты өз сөзінде мұндай жұмыс сапарлары алдағы уақытта да тұрақты жалғасатынын айтты.

Қатысты жаңалықтар

Асуан Сиябеков: АЭС дегеніміз – электр энергиясын алу

bastynews

ҚАЛАДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРІСІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Bastynews

ФРАНЗУСКИЕ КОМПАНИИ ВЫРАЗИЛИ ЗАИНТЕРЕСОВАННОСТЬ В СОВМЕСТНЫХ ИНВЕСТПРОЕКТАХ В ШЫМКЕНТЕ

bastynews