Ақпарат

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ КӨП

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары әрі әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде апта ішіндегі әлеуметтік маңызды жаңалықтарға тоқталды. Оның айтуынша, қалалық мәслихаттың шешімімен еңбек ардагерлерінің денсаулығын жақсарту мақсатында шипажайларға тегін жолдамалар беру қарастырылған. Жолдамалар зейнеткерлерге кезек тәртібімен geo-shym.kz сайты арқылы тіркелу негізінде ұсынылады. Бүгінде 26 мыңнан астам зейнеткер тіркеліп үлгерсе, жылдық лимит – 7 500. Осыған сәйкес, әрбір зейнеткер шамамен 2,5–3 жылда бір рет тегін сауықтыру қызметіне қол жеткізе алады. Биыл шипажай қызметтері Шымкенттегі «Денсаулық» және «Ізетті зейнеткер» кешендерінде, сондай-ақ Түркістан облысындағы «Ақсу демі», Жетісайдағы «Күлпаршын», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» шипажайларында ұсынылып жатыр. Жаңа ғимаратқа көшкен «Ізетті зейнеткер» орталығы енді 120 зейнеткерді бір уақытта қабылдай алады. Жыл басынан бері бұл орталық 836 зейнеткерге қызмет көрсеткен. Олардың 558-і жаңа ғимаратта ем қабылдаған.

          Сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттардың алғашқы легі бөлінді. Нәтижесінде 134 азамат 1 572 800 теңгеге дейінгі қаржылай қолдауға ие болды. Барлығы 934 өтінім қабылданып, комиссия шешімімен ең тиімді жобалар таңдалып алынған. Грант иегерлерінің дені – әлеуметтік осал топ өкілдері. Мемлекеттік гранттар тұрғындардың кәсіп ашуына, табыс табуына және жаңа жұмыс орындарын құруына мүмкіндік беріп отыр.

Сәрсен Абайұлы екі жылдан бері қалада үй жануарларын есепке алу процесі жүріп жатқанын жеткізді. Есепке алуды ветеринарлық клиникалар мен жергілікті ветеринариялық ұйымдар жүргізеді.      

          Бұдан бөлек, 2025–2026 жаңа оқу жылына Шымкент қаласында техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 8000 грант бөлінді. Оның 800-і нақты жұмыс беруші кәсіпорындардың сұранысымен жоспарланып отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, биыл жұмысшы мамандықтарына басымдық беріліп, грант көлемі 29,2 пайызға ұлғайған. Арнайы комиссия шешімімен 70 мамандықта 26 колледжге гранттар орналастырылды.

Осындай сәйкессіздіктерді жою үшін әкімдік бұл жүйені түбегейлі реттеуге кірісіпті. Жүйедегі басты өзгерістердің бірі сол, жобаның әкімшісі ретінде тек бір ғана басқарма – Шымкент қаласының білім басқармасы бекітілді. Яғни барлық қаржыландыру осы басқарма арқылы бір орталықтан жүргізіледі.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

bastynews

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Bastynews

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР

bastynews