Ақпарат

МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІМ: TASHENEV UNIVERSITY — 2025 ЖЫЛҒЫ ГРАНТТЫҚ НАУҚАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТАЛАПКЕРЛЕР ТАҢДАУЫ

2025 жылғы 13–20 шілде аралығында елімізде бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім гранттарына өтініш қабылдау кезеңі өтті. Биылғы науқан да жастардың жоғары білімге деген талпынысын, олардың сапалы әрі заманауи оқу ордаларын таңдауға деген ұмтылысын айқын көрсетті. Tashenev University (білім беру ұйымының коды — 143) осы жылдың гранттық байқауында талапкерлер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болды. Ұлттық база деректерін талдау нәтижесінде 1070 талапкер аталған университетті таңдаса, оның ішінде 642-сі Tashenev University-ді бірінші басымдық ретінде көрсеткен.           Бұл — университетке деген сенім мен беделдің жылдан жылға артып келе жатқанының айғағы. Еліміздің әр өңірінен келген мектеп түлектері дәл осы оқу орнын болашақ табысының бастауына айналдыруды мақсат етіп отыр. Университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын бұл көрсеткішті университет ұжымының жүйелі еңбегінің нәтижесі деп бағалап, келесі ойымен бөлісті: «Талапкерлер тарапынан осындай жоғары қызығушылық — университет ұжымының кәсіби жауапкершілікпен жұмыс істеп жатқандығының нәтижесі. Біз өз болашағын бізбен байланыстыруды таңдаған әрбір жасқа алғыс білдіреміз. Өз тарапымыздан білім сапасын арттыруға, заманауи инфрақұрылым мен қолайлы оқу ортасын қамтамасыз етуге және студенттерімізді жан-жақты қолдауға бар күшімізді саламыз». 2025 жылы Tashenev University талапкерлерге заман талабына сай, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие 56 бакалавриат бағдарламасын ұсынады.

Атап айтқанда: педагогикалық бағыттар (бастауыш, мектепке дейінгі білім, пәндік оқыту), экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп, құқықтану және мемлекеттік басқару, бизнес және менеджмент, кәсіпкерлік, ақпараттық технологиялар мен цифрлық шешімдер, дизайн, сән индустриясы және креативті кәсіптер, дене шынықтыру, спорт және рекреация, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, журналистика, лингвистика, аударма ісі және шет тілдері, және басқа да өзекті бағыттар.

2025 жылы жаңа оқу корпустары пайдалануға беріледі. Олар заманауи зертханалармен, интерактивті мультимедиялық аудиториялармен және электрондық кітапханамен жабдықталады. Жатақханалар толық жаңғыртылып, басқа қалалардан келген студенттерге жайлы тұрмыс жағдайлары қарастырылған. Алдағы уақытта да оқу ордасы өз студенттерінің талабын ақтап, сапалы білім беру мен тиімді кәсіби бағдар ұсыну жолында табандылықпен еңбек етуді жалғастырады.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Салық кодексіне қазақстандық бизнес қалай жауап берді?

bastynews

Судан тапшылық мәселесі туындамайды

Bastynews

Чехолдың пайдасынан зияны көп

Bastynews