Ақпарат

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

Ана мен баланы қолдау әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда балалы отбасыларға бюджет тарапынан жәрдемақылардың 5 түрі төленеді. Ал, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 түрлі төлем қамтылады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті Ана мен баланы қолдау басқармасының басшысы Гүлмира Жәкенқызының айтуынша, оның біріншісі, республикалық бюджеттен төленеді. Оның түрлері: бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы; бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы; бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға төленетін жәрдемақы; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге төленетін жәрдемақы.Ал, екінші түрі – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер, ол сақтандыру қоры қатысушыларына төленеді . Ол жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем. Биылғы жоспар бойынша әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар 3 жарым миллионға жуық отбасыға берілуі тиіс екенін анықталып, оған қажетті 1 триллион 700 млрд теңге қаржы қарастырылды. Бұл өткен жылда жұмсалған қаражаттан 20%-ға артық. Ағымдағы жылдың 7 айында 2 млн 600 мыңнан астам отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындалды.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуеті әлденетін күн жақын

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

bastynews

ЖЫЛДАҒЫ СЦЕНАРИЙ

Bastynews