Басты жаңалықтар Қоғам Мәдениет

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУІНДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҒЫЛЫМИ ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №14-0/5448-ВН ресми хаты негізінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының Ассоциациясы РҚБ-ның ұйымдастыруымен «Еуразияның жас ғалымдарының зерттеулеріндегі этномәдени құндылықтар» тақырыбындағы ІІ дискуссиялық алаң табысты өтті.

Аталған ғылыми алаң қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім, рухани мұра, ұлттық бірегейлік және мәдени әртүрлілік мәселелерін жас зерттеушілердің көзқарасы арқылы талқылауға бағытталды. Іс-шараға еліміздің түрлі аймақтарынан және шет елдерден келген жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар белсенді қатысты. Олар Еуразия кеңістігінде тарихи қалыптасқан этномәдени байланыстардың бүгіні мен болашағы жөнінде ғылыми негізделген тың ойларымен, талдауларымен бөлісті.

Пікірталас алаңында келесі бағыттар қамтылды:

  • этномәдени интеграция және жастар арасындағы мәдени мұраны сақтау мәселелері;
  • Еуразия халықтарының рухани-мәдени байланыстарының тарихи сабақтастығы;
  • этносаралық және конфессияаралық диалогты нығайтудың ғылыми негіздері;
  • этносаяси үрдістердің қазіргі беталыстары мен болашағы;
  • ұлттық және аймақтық деңгейдегі мәдени саясаттың жаңа тәсілдері.

Жас зерттеушілердің баяндамалары ғылыми қауымдастықтың, этносаралық саясат саласындағы сарапшылар мен ҚХА кафедраларының профессор-оқытушылар құрамының жоғары бағасына ие болды.

Іс-шара нәтижесі бойынша таңдап алынған үздік ғылыми мақалалар «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналының арнайы шығарылымында жарық көрді. Жарияланымдар «Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени процестері» және «Түркология» рубрикасы аясында топтастырылып, этнология, тарих, мәдениеттану салаларындағы өзекті ғылыми мәселелерді талдауға үлес қосты.

Дискуссиялық алаң — бұл жай ғана ғылыми шара емес, бұл – жас ғалымдардың ынтымақтастығын, шығармашылық ізденістерін және ғылыми байланыстарын нығайтатын маңызды платформа. Мұндай бастамалар еліміздегі ғылыми әлеуетті арттырып қана қоймай, көпұлтты Қазақстан қоғамының мәдени санасын көтеруге, тарихи жадыны сақтауға және ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосады.

Қатысты жаңалықтар

Қызылорда полиция басқармасының бастығын ұсталды – БАҚ

Bastynews

Түбегейлі өзгерістерге жол ашты

Bastynews

Шымкентте БЭТМАНДЫ атып кетті

bastynews