Қоғам Саясат

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР

2025 жылы этносаралық татулықты насихаттау, этномәдени құндылықтарды зерттеу және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту бағытында Торгаутова Шолпан Айтбекқызы ауқымды да мазмұнды жұмыстар атқарды. Оның ғылыми және қоғамдық белсенділігі этнология, этнография, қоғамдық келісім салаларындағы өзекті мәселелерді талдауға, сондай-ақ жастардың ғылыми зерттеулерін қолдауға бағытталды.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 6 ақпанында республикалық «Панорама Шымкента» газетінің №5 (2255) санында «Шоқан Уәлиханов – 190 жыл» мерейтойына арналған, қазақ этнологиясы мен этнографиясына қосқан тарихи-ғылыми үлесін зерделейтін мақаласы жарық көрді. Бұл материалда Уәлиханов еңбектерінің қазіргі этносаралық қарым-қатынастар мен мәдени мұраларды зерттеудегі маңыздылығы кеңінен ашылып көрсетілді.

Сол сияқты, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған арнайы жоба аясында Шымкент қаласының жас ғалымдарының қатысуымен «Наша сила – в единстве. Из истории формирования и функционирования за 30 лет Ассамблеи народа Казахстана: анализ, достижения и перспективы глазами молодых ученых города Шымкента» тақырыбындағы зерттеу мақаласы 2025 жылдың 10 ақпанында интернет басылымда жарияланып, 13 ақпанда «Панорама Шымкента» газетінің №6 (2256) санына басылды. Бұл материалда Қазақстандағы этносаралық келісім үлгісі, Ассамблеяның қалыптасу тарихы, институттың қоғамдағы орны мен болашақтағы даму бағыттары жас зерттеушілердің көзімен сараланып, аналитикалық тәсілмен ұсынылды.

Сонымен қатар, 2025 жылы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан 2025 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, 2024 жылдың 26 қарашасында №4 хаттама арқылы ресми түрде бекітілді. Жоспарға сәйкес, ЖОО мен колледждердегі ғылыми белсенді жастарды біріктіретін Жас ғалымдар клубының жұмысы қайта жандандырылып, оның төрайымы ретінде Торгаутова Ш.А. бекітілді. Клубтың І отырысы.

Осы бастамалардың барлығы этносаралық келісімді нығайту, этномәдени бағыттағы зерттеулерді қолдау, жастар арасында ғылыми қызығушылықты арттыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал ету мақсатында жүзеге асырылды. Торгаутова Шолпан Айтбекқызының бұл бағыттағы қызметі ғылым мен қоғамдық бірлікті тоғыстырған тиімді үлгілердің бірі болып табылады және еліміздегі тұрақтылық пен келісім идеологиясын ілгерілетуде ерекше маңызға ие.

Қатысты жаңалықтар

Келес ауданы: көкбұлақтықтар сапалы таза ауызсуын тұтынуда

Bastynews

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ СТАНДАРТЫ ӘЗІРЛЕНДІ: БАСТАУЫШ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

bastynews