Қоғам Технология

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН ДАМУДА

Бүгінгі білім беру жүйесінде педагог пен оқушының цифрлық құзыреттілігі – табысты оқыту мен сапалы тәрбиенің негізгі тірегі. Осы орайда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Әлихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде ерекше форматтағы қалалық семинар ұйымдастырылды. «Мақсатты мектеп» жобасы аясында өткен бұл ауқымды іс-шараның тақырыбы — «Педагогтер мен оқушылардың цифрлы құзыреттілігі – заман талабы».

Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары, Шымкент қалалық әдістемелік орталығының әдіскерлері және қаладағы жетекші білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Іс-шарада цифрлық білім беру бағытындағы озық тәжірибелер мен жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен талқыланып, нақты мысалдар арқылы ұсынылды.

Семинар аясында «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында мазмұнды коучинг ұйымдастырылды. Бұл коучинг барысында жасанды интеллект арқылы оқу процесін тиімді ұйымдастыру, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту және интерактивті әдістерді сабақта пайдалану жолдары көрсетілді.

Мектептің тәжірибелі ұстаздары Ж.Р.Шәбден мен М.Д.Ахбаева өздерінің десант сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп, қатысушылармен тиімді әдістемелер мен цифрлы ресурстарды бөлісті. Ашық сабақтарда оқушылардың белсенділігі, шығармашылық ізденісі мен технологияны еркін меңгеруі ерекше атап өтілді. Сабақ барысында қолданылған цифрлы платформалар, бағалау мен кері байланыс құралдары педагогтер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, талқылау жүргізді. Қалалық семинардың мазмұны мен ұйымдастырылуына жоғары баға берілді. Қонақтар Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп ұжымының кәсіби шеберлігіне, білім беруге деген жаңашыл көзқарасына ризашылықтарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуі қажет екенін айтты.

Семинар тек кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар цифрлы білім беру кеңістігін дамыту жолындағы жаңа бастамалардың негізі бола білді. «Мақсатты мектеп» жобасы аясында өткізілген бұл іс-шара үшінші мегаполис – Шымкент қаласындағы білім беру сапасының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті.

Педагогтердің цифрлы құзыреттілігін арттыру – заманауи білім берудің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс мұғалімнің тек пәнді оқытуымен шектелмей, технологияны тиімді пайдалана отырып, оқушыны жаңаша ойлауға, шығармашылыққа және дербес шешім қабылдауға үйретуіне ықпал етеді.

Осы семинар арқылы үшінші мегаполис ұстаздары білім беру үрдісіне цифрлық технологияны ықпалдастырудың нақты қадамдарын жасап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде қаланың цифрлы білім беру кеңістігін дамытуға, жас ұрпақтың технологияны еркін меңгеруіне және бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына зор әсерін тигізері сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

МЕГАПОЛИС МҮМКІНДІГІ БӘРІНЕ ТЕҢ: ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

bastynews

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

bastynews

В НИШ ФМН Г. ШЫМКЕНТ СОСТОЯЛАСЬ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «TEACHER-LED RESEARCH: INTEGRATING BEST PRACTICES»

bastynews