Санатталмаған

КӘСІБІНІҢ НӘСІБІН КӨРУДЕ!

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жергілікті кәсіпкер «Арман» шаруа қожалығының төрағасы Алимбаев Аңсаған мал шаруашылығын дамытуға көшті.

Қожалық иесі «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдіріп, «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен бизнес жоспарын әзірлеп, «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген.

Нәтижесінде «Агробизнес» бағдарламасы аясында 30 бас сауынды сиыр, 13 бас сауынды бие сатып алып кәсібін жандандырып отыр. Салауатты өмір салтын ұстану үшін табиғи сүт өнімдерін халыққа ұсынуда.

«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Ата-бабаларымыз сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, дертке шипа. Ұлттық сусыннан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Бүгінгі таңда 2 азаматты жұмыспен қамтып отырмыз. Сұраныс жеткілікті», – деді қожалық иесі.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бүгінде Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып кәсіпкерлікті дамыту шаралары жүйелі түрде іске асып келеді. Бұл шаралар өз кезегінде аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеріп қана қоймай төтенше жағдайдан зардап шеккен аудан экономикасын қалпына келуіне үлкен септігін тигізбек.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру