Санатталмаған

БАУІ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

AzatMedia. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданымызда болып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты. Мәртебелі меймандарды ауданымызға кіре беріс жолдан күтіп алған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов қарқынды бау ісін қолға алып, өз кәсібін өрге сүйреп отырған серіктестіктің шаруашылығымен таныстырды.

Қоғам ауыл округі аумағында орналасқан «Отырар-Құрал» ЖШС 2019 жылы құрылған. Жобаның инвестициялық құны бүгінгі таңда 300 млн. теңгені құраған. Серіктестіктің меншігінде 50 гектар жер болса, бүгінде оның 25 гектарына Түрік елінен әкелінген алма, өрік ағаштарының көшеттері отырғызылған. Қазіргі таңда, бауда алманың Ред делишес, Голден делишес, Гала, Гренни смит сорттары бар. Қожалық жұмысымен танысқан Мейіржан Иябайұлы қарқынды бау көлемін арттыру ісін одан әрі жандандыру керектігін, қажет болса мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді алуға көмек беруге дайын екенін жеткізді.

Мұнан соң қонақтар «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болды. Сүт және ет өнімдерін өңдеумен айналысатын мекеме 2015 жылы құрылған. Кооператив тәулігіне 5 тонна сүт, 1 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қалтаға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі соңғы жылдары жергілікті балабақшалар мен мектеп балаларын бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Мейіржан Мырзалиев жұмыс сапарының соңында ауданда жүзеге асатын бірнеше инвестициялық жобалармен танысып, аудандағы кәсіпкерлік саласының жұмыстарына оң бағасын берді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру