Санатталмаған

ҮШ ҮЙДІҢ ІРГЕТАСЫ ҚҰЙЫЛУДА

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылында алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды. Осындағы жұмыстарға үйлестіруші боп бекітілген Аязхан Қалыбеков ауыл округінің әкімі Молдабек Битеміровтің айтуынша, жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар.

Соның бүгінде 138-інің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі толық аударылған. Дәл қазіргі уақытта мұнда 162 үйді бұзу және 45 баспананың іргетасын құю жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Ал бір үйдің қабырға көтеру жұмыстары басталып кетіпті. Өргебас ауылынан өз үйінің құрылысын алғаш боп бастағандардың бірі – Камал Сапаров. Бүгінде ол үйінің қабырғасын жартылай көтеріп үлгерген.

«Үкіметімізге рақмет, уәде еткен 17 млн. теңгенің 8,5 млн. теңгесін берді. Сол қаржыға құрылыс материалдарын сатып алып, жұмыстарды бастап жібердік. Барлық қажетті көмектер беріліп жатыр. Тек енді бізге құрылысшылар қажеттілігі туындауда. Ақшасын келісіп, жұмыс ұсына аламыз. Үй салушылар жергілікті өзіміздің ауданнан болса, тіпті жақсы болар еді», – дейді Камал Сапаров.

Бұдан бөлек, мұнда ауылды күл-қоқыстан тазарту, үй бұзу, аула тазалау жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Аталған тірліктерге 175 адам мен 6 арнайы техника тартылған.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру