Санатталмаған

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ТАРТЫЛДЫ

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы аясында Келес ауданында 3 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындардың арасындағы құрылысқа ебі бар азаматтар тартылды. Республикалық бюджет есебінен Біртілек ауылдық округіндегі №13 Т.Бигелдинов мектебі, Ұшқын ауылдық округінде спорт алаңшасы және Ақтөбе ауылдық округіндегі ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қоса, аудандық бюджет есебінен Абай ауылындағы оқушылар үйі күрделі жөндеуден өтпек.

№13 Т.Бигелдинов мектебінің іргетасы 1990 жылы қаланып, 500 оқушыға арналып салынған. Соңғы күрделі жөндеуді 2013 жылы көрген мектепке бүгінгі таңда 770 оқушы 2 ауысымда білім алуда. Құрылыс жұмыстарына 40-қа жуық ауылдың тұрғындары тартылып, мектеп іші, сыртын толық жөндеуден өткізуде. Ескірген есік, терезесін ауыстырып, қабырғаларын қазіргі талапқа сай етіп жөндеуден өткізуде. Бетон едендерін ағашқа ауыстырып, электр жүйелерін жаңарту жұмыстары да жоспарға енген.

Жоғарыда атап өткендей аталған бағдарлама аясында дәл осындай жұмыстар ауданның Ұшқын және Ақтөбе ауылдық округтерінде жүзеге асуда. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін «Оқушылар үйі» қазіргі талапқа сай құрылуда. Құрылыс уақыты 5 ай деп белгіленгенімен, мердігер 3 айда тапсырамыз деп отыр. Аталған үйірмеге 320 оқушы қатысып, 7 мұғалім жұмыс істеуі белгіленген.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру