2025 жылғы 29 тамызда Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдеріне арналған «Ғылыми жаратылыстану және математикалық сауаттылықтың когнитивтік деңгейлері: тапсырмаларды саралау және күрделендіру әдістері» тақырыбындағы аймақтық оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шара заманауи білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық практикаларды талқылау алаңына айналды.
Семинардың мақсаты – пән мұғалімдерінің когнитивтік деңгейлер жүйесі негізінде тапсырмаларды саралау және күрделендіру тәсілдерін меңгеруіне қолдау көрсету, сондай-ақ PISA және TIMSS сынды халықаралық бағалау жүйелері талаптарына сәйкес оқыту стратегияларын практикада тиімді қолдануға үйрету болды.
Семинар модераторы – педагогика ғылымдарының магистрі, «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы» кафедраның аға оқытушысы Түгелбаева Эльмира Базарбайқызы. Ол пәнішілік және пәнаралық байланысты күшейту, тапсырмалар типологиясын күрделендіру, оқушының функционалдық және сыни ойлауын дамытуға арналған әдіснамалық негіздер бойынша өз тәжірибесін ұсынды.
Семинар жұмысы барысында қатысушылар:
- Блум таксономиясы негізіндегі когнитивтік деңгейлер бойынша тапсырмаларды саралау тәсілдерін зерделеді;
- PISA және TIMSS форматындағы жоғары деңгейлі тапсырмаларды құрастыру әдістерімен танысты;
- Жаратылыстану және математика сабақтарында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда қолданылатын дифференциация құралдарын талдады;
- Әріптестермен пікір алмасып, педагогикалық рефлексия жүргізді.
Семинар аясында тәжірибелік кейс-сессияларға қатысып, кәсіби жетістіктерімен бөліскен педагогтер:
- Үтебаева Гүлнұр Сейдалбекқызы – №129 ЖОББМ, биология пәні мұғалімі;
- Акимханова Бибігүл Талипқызы – №96 М.Әуезов атындағы ЖОББМ, биология пәні мұғалімі;
- Тұрлыбекова Маржан Асқарқызы – №135 ЖОББМ, биология пәні мұғалімі;
- Сахмедова Гүлмира Сандибайқызы – №66 Қазығұрт ЖОББМ, математика пәні мұғалімі;
- Қалмұрзаева Жанат Абдраманқызы – №66 Қазығұрт ЖОББМ, математика пәні мұғалімі;
- Құрбанова Назипа Құрбанқызы – №66 Қазығұрт ЖОББМ, математика пәні мұғалімі;
- Рахметова Баян Ерғазиқызы – №66 Қазығұрт ЖОББМ, математика пәні мұғалімі;
- Керімбай Әсел Мәлікқызы – «Leader Innovation Lyceum» мектебінің химия пәні мұғалімі.
Семинар соңында «Бір сөйлем – бір ой» әдісі арқылы қатысушылар алған басты инсайттарын ортақ ой-картада жинақтады. Бұл формат мұғалімдердің педагогикалық рефлексия жасау және кәсіби желілік қауымдастық құру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Бұл семинар – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және сапалы білім беруге бағытталған маңызды стратегиялық қадамдардың бірі.