Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 62 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласының сәулеттік келбеті жаңаша көрікке еніп келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қаланың басты көшелерін бірыңғай стильде дамыту мақсатында 62 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылуда. Бұл бастама қала тұрғындарына эстетикалық жағымды орта құруға бағытталған және Шымкенттің заманауи қалалық бейнесін нығайтуға үлкен үлес қосады.Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 46 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті қазірдің өзінде ретке келтіріліп жатыр. Қалған 16 тұрғын үй бойынша мердігер мекемелер анықталып, оларға қажетті келісімшарттарды жасау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жұмыстардың жоғары сапада және уақытында аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында жауапты органдар үнемі қадағалап отырады.Бұл маңызды жоба – қаладағы үш ауданның тұрғын үйлерін қамтиды. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында – 32 көпқабатты тұрғын үй, Қаратау ауданында – 18 үй, ал Тұран ауданында – 12 үйдің қасбеті жаңартылатын болады.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

2024 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖӘНЕ АТОМДЫҚ ЭНЕРГЕТИКА: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН: «СЕРПІНГЕ» СЕРПІЛІС КЕРЕК

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 1301 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

bastynews