Ақпарат Қоғам

ЖАРТЫ ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ЖӨНДЕЛМЕГЕН АҚЖАР СУ ҚОЙМАСЫНА РЕКОНСТРУКЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгеріміне берілген Ақжар су қоймасының бүгінде инженерлік-құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков аралау барысында атқарылған жұмыстардың сапасын тексерді. Мегаполис басшысының тапсырмасына сәйкес биыл нысанның инженерлік-құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылған болатын.

50 жылға жуық қолданыста келе жатқан су қоймасы арқылы суармалы жерлерге, елді мекендерге ағын су жеткізіледі. Суармалы жер көлемі 144 гектарды құрайды. Қоймада 1 дана су тастау тоспасы бар, диаметрі – 500 мм., су деңгейін бақылау мақсатында вертикалды рейкалар орнатылған.

Жобаға сәйкес аталған нысанда 630 метр су қойма бөгеттері және 158 метр төтенше жағдай арнасы бетондалды. Жарықшамдар мен бейнебақылау орнатылып, су қоймасының түбіне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ күзетшілер үйі қайта құрылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар су тасқынына қарсы қауіпсіздікті қамтуға, ағын су көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұрт жолдары жақсарып келеді

Bastynews

Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на научно-практической конференции «Конституция и государственность: диалог права и будущего», посвященной 30-летию Конституции Республики Казахстан

bastynews

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

bastynews