Санатталмаған

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН

AzatMedia. Түркістан облысында коронавирус инфекциясын 282 адам жұқтырған.

Төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Өкінішке орай, өңірде карантин талаптарының өрескел бұзылып жатқаны анықталып отыр.

Пандемияға қарсы сақтық шараларының сақталмауы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралауы барысында анықталды.

Кейбірінде «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» жарияланған қаулы талаптары қадағаланбаған. Мәселен, қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарына тамақ жеткізу қағидатымен ғана жұмыс жүргізуге рұқсат берілген. Алайда, мониторинг жүргізу барысында Түркістан қаласының базар аумағында жылдам қызмет көрсететін 2 қоғамдық тамақтану орны және кәуап дайындау павильоны тұрғындарды қабылдап, адамдардың көп шоғырлануына жол бергені анықталды.

Тексеру қорытындысымен, кемшілікке жол берген қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Нұрбек Садықбекұлы шаһарда адам көп шоғырланатын орталық базар аумағындағы санитарлық ахуалмен де танысып, кәсіпкерлермен сұхбаттасты. Маска киіп, арнайы санитайзерлерден өту арқылы санитарлық талаптарды қадағалау ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екендігі ескертілді.

Қазіргі таңда облыс аумағында 121 мобильді топ қаулы талаптарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізуде. Бүгінге дейін өңірде 413 нысан тексеріліп, түсіндіру шаралары жүргізілді. Санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізу жалғасады.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру