Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 87 ПАЙЫЗЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

AzatMedia.kz. Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бекітілген халықтың саны 900 мыңнан асады. Яғни, жалпы тұрғындардың 87 пайызы сақтандырылған.

Бұдан бөлек, Айгүл Жақыпқызы мемлекеттік медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету -75 пайызды құрағанын айтып, бүгінде «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» ЖШС мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде 1901 компьютер мен 674 принтер техникасын жеткізіп жатқанын мәлім етті.

Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жандандыруды айтқан қала әкімі медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылатындығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын автоматтандыру мен жарақтандыру және цифрландыру бағытындағы жұмыстарды ширатуды жүктеді.

Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы жыл соңына дейін денсаулық сақтау саласын дамытудағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді міндеттеді.

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру