Санатталмаған

ҰБТ 20 МАУСЫМ МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕДІ

AzatMedia. Шымкент қаласында биыл мектеп бітіруші түлектер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге жоғары оқу орындары жанынан 4 пункт белгіленген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «Шымкент келбеті» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.

– Жоғары оқу орындарының базасында орналасқан тест өткізу пунктерінде барлық материалдық жабдықтар әзірленген. Металл іздегіш құрылғылармен қоса әр аудитория талапқа сай дайындалған. Бейнебақылау орнатылады, түлектердің ата-аналары, туыстарына да арнайы орындар болады, – дейді Ж.Тәжиева.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптың 4-тоқсанында өткен бағдарлама бойынша сауалдар болмайды. Өйткені, оқушылар бұл жылы карантин мен төтенше жағдайға байланысты соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Сондықтан осындай жеңілдік жасалып отыр. Алайда, тест тапсырудағы талап қатал. Егер оқушы білім сынағы кезінде ұялы телефон немесе түрлі көмекші құралдар пайдаланғаны дәлелденсе, жинаған ұпайы желге ұшады.

– Тестілеу маусымның 20-сы мен 5-шілде аралығында Шымкенттегі 4 пунктте өтеді. Білім сынағы дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бірақ, санитарлық режим қатаң сақталуы тиіс. Түлектер бір-бірінен алшақ отыруы үшін бір мезетте аудиторияда болатын оқушылардың саны да шектеледі, – дейді қаланың бас ұстазы.

Түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғанын растайтын сертификатты тек электронды түрде ала алады.

Айта кетейік, биыл қала мектептеріндегі 6 840 түлек ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру