Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ЕЛТАЙ АУЫЛЫНДА ЖУРНАЛИСТЕРМЕН БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының Елтай ауылында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан ауылда аула-аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда.

Осы ретте өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күндіз-түні ауысыммен жұмыс істеп жатқанын атап өткеніміз жөн. Яғни, Департаменттің күш және құралдары күн сайын 10-12 үйдің ауласын тазартып, 4 жүк автокөлігімен жинақталған лай мен тастарды шығаруда. Нәтижесінде үш күнде 36 үйдің ауласы қалыпқа келтірілді.
Сонымен бірге Елтай ауылында жалпы ұзындығы 30 метр Найзатас, Нұрқазық көшелерін лай мен тастардан тазарып, бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдары тарапынан 17 адам мен 7 техника жұмылдырылды.
Аталған баспасөз туры барысында ақпараттық сүйемелдеуді облыстық «Отырар», «Айғақ», «НарТВ» телеарналары қамтамасыз етті.

#Шымкент

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру