Санатталмаған

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ЛЕНГІРДЕГІ СЕЛ САЛДАРЫ ТОЛЫҚ ЖОЙЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатты жауған нөсерден өзен суы арнасынан асып, бірнеше көшелерді су шайған Төлеби ауданының жайын біліп қайтты. Селден жапа шеккен тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында олармен кездесіп, су шайған жерлерге бақылау жүргізді.

Табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілген.Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб жұмыс істейді. 300-ден астам азаматтан құрылған жұмысшы топ тынымсыз жұмыс істеуде. Су шайған үйде болған облыс басшысы нөсерден келген қауіпті, яғни, Ленгір өзенінің арнасынан асуынан орын алған жайттың залалдарын толықтай жоюды тапсырды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Нөсер жауыннан Ленгір өзенінде су деңгейінің жоғарлауына байланысты ішінара су басуы орын алғаны белгілі. Сел салдары толық жойылады. Ол үшін барлық қажетті жұмыстар жасалып жатыр. Сел ағынынан адамдар аман. Бұл ең бастысы. Мал шығыны жоқ. Су келген үйлер толық жөнделіп, айналасына қоршаулар қойылады»,-деді Өмірзақ Естайұлы.

Жалпы табиғатты аялап ұстау, өзен бойларының тазалығын сақтау тікелей азаматтық борыш, адамзаттық міндет. Біз көрген қоқыс қалдықтары дәл сол судың арнасынан асып кетуіне бірден бір себеп болған. Әкімдікпен жасалынатын жұмыстар жүйелі жүргізілсе де, тұрғындардың тікелей жауапкершілігіндегі тазалық жасалмаған. Сондықтан, мұндай жағдайлардың алдағы уақытта қайталанбасы үшін игі іске себепкер болайық.

Селден келген қауіпті жою мақсатында аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар қызметі мен елдімекен тұрғындары жұмыла бірлесіп, арналарды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстарға 31 арнайы техника, 14 мотопомпа жұмылдырылған. Көршілес Сайрам, Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмекке келген.

Айта кетейік, 6 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы Ленгір өзенінің деңгейі өзінің суды өткізу мүмкіндігінен үш есе көтерілген. Су басудың салдарынан құлаған немесе бұзылған құрылыс нысандары жоқ.

Өзен жағалауы бойындағы 2 тұрғын үйдің аулалары мен қораларына су кіріп, 6 сарай, 16 аула, бір монша мен жазғы асхананы су шайып өткен.

Сонымен қатар, өзен бойындағы Жаңаұйым елді мекеніндегі бірнеше көшедегі газ құбырына зақым келуіне байланысты жалпы 121 тұрғын үй газ жүйесінен уақытша ажыратылды. «Көктерек» су жинау имаратының жұмысы тоқтатылып, Ленгір қаласының шығыс бөлігіндегі 3 мыңнан астам үй ұңғымалар арқылы уақытша ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Келтірілген залалдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табады.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйі қаланың әлеуметтік қажеттілігіне пайдалануға беріледі

bastynews

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты

bastynews

Қазақстанда құрылысты бақылау үшін бірыңғай портал енгізіледі

bastynews

Владимир Зеленский Путиннің атысты уақытша тоқтату шешіміне «манипуляция» деп баға берді

bastynews

Енді Яндекс.Такси тариф құнын негізсіз көтере алмайды

bastynews

Дождь и жара до 31 градуса ожидается в мегаполисах Казахстана во вторник

bastynews

«Кайрат» потерял потенциального вратаря сборной Казахстана. Он уедет в Испанию

bastynews

Токаев назвал главные задачи Ассамблеи народа Казахстана

bastynews

Берденовті атқан күдікті әкімдікке қарасты мекемеде жұмыс істеген

bastynews

Стамбұлда қуатты жер сілкінісі сезілді

bastynews

Пікір қалдыру