Санатталмаған

ӘРБІР ТҰРҒЫНҒА 100 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕНЕДІ

Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси ауылдарын аралап, елдімекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елдімекенінде жиналыс өткізді.

Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен Мақтаарал ауданындағы қызыл су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Мырзакент елдімекенінің шетінен жаңа мөлтекаудан соғылып, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдары толықтай көшіріледі. Ол үшін Мырзакент ауылынан 500 тұрғын үй салуға 50 га. жер белгіленді. Әр тұрғын үйдің шаршы метрі 100 метрді құрамақ. Жаңа тұрғын үй алабында орталықтандырылған су және газ тартылып, электр жарығы, байланыс желісі, жолдар жасалатын болады. Әлеуметтік нысандар бой көтереді.

Су астында қалған екі ауыл – Фирдоуси және Өргебас ауылдарының азаматтарына облыс әкімі 3 түрлі ұсыныс айтты.

Ең бірінші, өзге елдімекеннен жаңа мөлтекаудан соғып, сол жаққа көшу;

Екінші, суға кеткен ауылдағы үйлерін қалпына келтіру;

Үшінші, әрбір тұрғын үйін өзі салуға ниет білдірсе, оған өтемақы төлеу;

Бұл үш ұсынысты таңдауды тұрғындар өзара ауыларалық жиналыста шешетін болды.

Бұдан бөлек, тұрғындар апат аймағында жүргізілетін құрылысқа шақырылды. Құрылыс жұмысына қатысушы азаматтарға жалақы төленеді.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шығынын Үкімет төлеп береді. Олардың несиесін төлеу уақыты кейінге шегеріледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылыми зерттеу институттарымен бірге су астында қалған жерді қалпына келтіріп, биыл қандай дәнді дақылдар егуге болатынын зерттейді.

Ал, жоғалған малдың шығыны Төтенше жағдай бойынша Штаб жанынан құрылған комиссия шешімімен өтеледі.

Атап өтейік, Өзбекстан Президентінің тапсырмасы бойынша Мақтаарал ауданына 100-ден аса техника, 200 маман келді.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру