Санатталмаған

ДЕПУТАТТАР МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК РЕТІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӨНЕЛТТІ

Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 18 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің өзі ұйытқы болғанын айта кету керек.

Аталған керуенді шығарып салу шарасына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, осындай қысыл-таяң уақытта мақтааралдықтарға көмек қолын созған азаматтарға алғысын білдірді. Ол сондай-ақ бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында тасқын судың бетін қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Апат айтып келмейді. Мақтаарал ауданында дәл қазіргі уақытта қауіптің беті қайта бастады. Аталған аудан да мыңға жуық маман жұмыс істеп жатыр. 3,5 мыңнан астам тұрғын эвакуация орындарына жайғастырылған. Оларға біз барлық тиісті көмектерді көрсетуіміз қажет. Осы ретте елдің соның ішінде депутаттардың осындай бастама көтеріп, халыққа болысуы көңіл қуантады. Ең бастысы – халыққа сабыр мен төзімділік қажет. Алдағы уақытта тасқын судан келген шығындар толық есептеліп, жаңа үйлер бой көтеріп, жолдар жөнделіп қалыпты өмір басталатынына сенімдіміз», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Айта кетейік, жалпы соммасы 21 млн. теңге болатын керуенінде азық-түлік тауарларынан бөлек, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған тауарлар да жеткілікті. Яғни, керуенде 19,7 тонна ұн, 2,9 тонна күріш, 3,6 тонна қант, 2,8 тонна макарон, 1,5 тонна ет, 900 келі жуық сүт өнімдері, 2,8 тонна картоп, 1,7 тонна пияз, 1,3 тонна сәбіз және тағы басқа да азық-түлік өнімдері бар.

Аталған керуен түсауа Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға келіп жетеді деп күтілуде.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру