Санатталмаған

БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛАР МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына барлық қажетті техникалар жұмылдырылуда.

Ағымдағы жылдың 1 мамырында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданынан – 5, Жетісай ауданынан – 5, Сарыағаш ауданынан – 7, Келес ауданынан – 3, Шардара ауданынан – 10 автобус.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz хабарлайды.

Қазіргі уақытта, Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент елді мекенінде 13 автобус дайын тұр. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша автобустар жұмылдырылатын болады.

Сонымен қатар, ауданға жол саласы бойынша 65 арнайы техникалар жұмылдырылды. Мәселен, 28 «хова» жүк көлігімен инертті (құм, шағалтас) материалдар жеткізілді. Сондай-ақ, су басу қаупі бар аймақтарға 35 адам жұмылдырылып, 120 куб қап қапталып, бөгеттер жасалды.

Бұдан бөлек, «Қазавтожол» ЖШС-і төтенше жағдайға 8 жүк көлігін, 2 трактор, 1 автогрейдер, 1 жүк артушы көлігі мен 10 жұмысшыны жұмылдырды. Мекеме тарапынан 550 текше метр топырақ жиналып, бөгеттер үшін 2000 қап дайындалды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру