Санатталмаған

ЕМДІК – САУЫҚТЫРУ СУЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт жұмыс жоспарына сәйкес, Кемербастау ауылдық округіне сапарын округке қарасты Күмісбастау ауылында орналасқан «А-СПЕКТР» ЖШС жұмысымен танысумен бастады.

2017 жылы іске қосылған кәсіпорын минералды емдік — сауықтыру ас суын өндіреді. Бүгінгі таңда қуаттылығы сағатына 5 литрлік ыдыстағы су-1000 дана, 1 литрлік ыдыстағы су-3000 дана, 0,5 литрлік ыдыстағы су-3000 дана.

Тауар еліміздің барлық өңірлеріне таралады. Бүгінгі таңда 26 аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Келесі кезекте аудан әкімі Елтай ауылына ат басын бұрып, М.Бағысбаев мектебінде болды.
200 оқушыға арналған білім ұясы 1982 жылы салынған. Бүгінгі таңда ғимарат жағдайы қалыпты.

Бұдан соң, Нұрлан Мархабатұлы округ орталығындағы С.Рахимов мектебіне табан тіреп, білім мекемесінің бүгінгі жағдайымен танысты.


2012 жылы бой көтерген білім мекемесінде бүгінгі таңда 200 оқушы білім алуда. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратының жағдайы қалыпты. Тек көктем, күз айларында жауын-шашын тиетін беткейіндегі қабырға жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл мәселе бойынша бүгінгі таңда аудандық білім бөлімі тарапынан мектеп сыртын темір сайднигтермен қаптау мақсатында жобалық сметалық құжаттар толығымен дайындалған. Қаржы қарастырылған жағдайда жөндеуден өтеді.

Кемербастау ауылдық округіне жұмыс сапарын Алғабас ауылындағы «Мұрагер» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысумен аяқтады.
2012 жылы күрделі жөндеуден өткен қойманың бүгінгі таңдағы сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайды. Жыл сайын қыс мезгілінде аталмыш қоймада алма жемісі сақталып, сұраныстың артқан уақытында еліміздің әр өңіріндегі сауда орталықтарына жеткізіледі.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру