Басты жаңалықтар

Індетті жұтырғандар қайта көбейіп жатыр: Карантин режиміне оралуымыз мүмкін бе?

Коронавирус

Елімізде санитарлық дәрігердің айтқан талаптары орындалмаса, тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан карантиндік шаралар туралы онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин шараларынан біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайтадан өсуде. Азаматтар санитарлық дәрігердің айтқан талаптарын орындамаса, тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін», – дейді Бағдат Қожахметов.

7 қазанда елімізде Covid-19 жұқтырған 108 362 адам тіркелген. Соңғы тәулікте 66 азаматтан індет анықталды, яғни 0,6% өскен.

«3 145 науқас емделуде. Оның 103 465-і жазылып шықты. Өкінішке қарай, 1 752 адам коронавирус салдарынан көз жұмды. Республикада коронавирус инфекциясының ПТР тест нәтижесі теріс 33 877 ықтимал жағдайы тіркелген. Тәулігіне 262 науқас тіркелген, яғни 0,8% өсті. 27 563 адам жазылып шықса, 361 азамат қайтыс болды», – дейді ол.

Қатысты жаңалықтар

Биыл 300 мың оқушы мемлекет тарапынан көмек алады

Bastynews

20-дан астам қызметкері бар еңбек ұжымына екпе салдыру міндеттеледі – ДСМ

Bastynews

Жолдаудан кейін жұмыстан кететін қызметкерлердің тізімі жасалды

Bastynews

Пікір қалдыру